Астанадағы Дипломатиялық қалашық "Алатау" қонақ үйінің сенімгерлік басқаруына өтеді
Қалашықты 2024 жылы өтетін ШЫҰ отырысына дайындау жұмыстары жүргізіледі.Қазақстан биылғы 5 шілдеден бастап 2024 жылғы маусымға дейін Шанхай ынтымақтастық ұйымына төрағалық етеді. Ұйымның кезекті отырысы 2024 жылға жоспарланған. Осы орайда, ШЫҰ отырысына келетін халықаралық делегацияларды күту үшін Астанадағы Дипломатиялық қалашықты уақытша "Алатау" қонақ үйі" АҚ-ның сенімгерлік басқаруына бері жоспарланып отыр. Бұл жайында Ашық НҚА порталында жарияланған құжат жобасынан белгілі болды.
"Алатау" қонақ үйі" АҚ Қазақстан Президентінің іс басқармасына қарайды. Компания қалашықтағы 36 коттеджді қонақтарды күтуге дайындайды. Келісімшартта сенімгерлік басқаруға берілген мемлекеттік меншікті компанияның сатып алуына құқық берілмейтіні жазылады.
Еске салайық, Дипломатиялық қалашық ҚР Президенті, Парламенті және Үкіметінің қызметін қамтамасыз етеді.
Оқи отырыңыз: Токаев: Странам ШОС следует дистанцироваться от проблем двухстороннего характера
Құжат жобасын жария талқылау мерзімі – 26 шілдеге дейін.