Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Жаңажол көшесінің жөндеу жұмыстары жүргізілетін бөлігі жабылады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Жолды жөндеуге байланысты 2-3 қыркүйек күндері жоғарыда аталған учаскеде көлік қозғалыс толығымен шектеледі.

"Елорда тұрғындары мен қонақтарын қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет", – деп жазылған хабарламада. 


Оқи отырыңыз: "Асфальтті қолмен жайған". Қызылордада 76 млн теңгеге салынып жатқан жол сапасына тұрғындардың көңілі толмайды.


Қозғалыстың шектелуі Астана қаласы Полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша жүзеге асырылады.