Астанада V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының алғашқы жарыстары басталды. Бүгін сағат 09.00-де жамбы атудан спортшылар "жарыс жолына шықты". 

Сондай-ақ, бүгін сағат 19.00-де V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары салтанатты ашылу рәсімі өтеді. 

Көшпенділер ойынының ашылуы мен жарыстарын Qazsport телеарнасы көрсетеді.

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 13 қыркүйекке дейін жалғасады. Оған 89 елден 2 мыңнан астам спортшы қатысады. Олар спорттың 21 түрі бойынша 97 медаль жиынтығына таласады. 


Оқи отырыңыз: