Порталда zhilfond.kz елордалық Тұрғын үй инспекциясы басқармасының сайтында "Көпбалалы отбасылар", "Жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар" және "Халықтың әлеуметтік осал топтары" санаттары үшін "Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй" бағдарламасының нәтижелері жарияланды. Бұл туралы Астана қаласының әкімдігі хабарлады.

Үш санаттың әрқайсысындағы тізімдер екіге бөлінеді: өткен және өтпеген.

Халықтың әлеуметтік осал топтарының санаттары үшін қалған 76 бір бөлмелі пәтер бойынша іріктеу жалғасуда.

"Алаяқтық жағдайларының көбеюіне байланысты тұрғындардан өте қырағы болуды сұрайды. Тұрғын үй орталығының қызметкерлері телефон қоңырауларын шала отырып, ешқашан кредиттерді, қарыздарды өтеуді, тұрғын үй беру үшін қамауға алуды алып тастауды сұрамайды", – деп жазылған хабарламада.

Бағдарлама бойынша өткен азаматтармен тұрғын үй орталығының қызметкерлері хабарласып, одан әрі іс-қимылдар туралы хабарлайды.


Оқи отырыңыз: 5 мың теңгеге қалай пәтер жалдап тұруға болады? Мемлекеттік бағдарламаларға шолу