Астана қаласы әкімдігінің мәліметінше, қалалық Полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Республика даңғылында жол төсеміне орташа жөндеу жүргізіліп жатыр.

Жөндеу жұмысына байланысты 8-10 қыркүйек аралығында Республика даңғылының Ж.Тәшенов көшесінен А.Иманов көшесіне дейінгі учаскеде көлік қозғалысы ішінара жабылатын болады.


Оқи отырыңыз: Астанадағы Сығанақ көшесінің оң жақ бөлігі 30 қарашаға дейін жабылады.


Қала тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.