Астана қаласы әкімдігінің мәліметінше, Астана қаласы маңындағы Софиевка ауылында 12-13 қыркүйек күндері құсбегіліктен барлық жастағы спортшылар арасында Күнтуған Тоқтыбайұлы атындағы халықаралық турнир өтеді.

Жарысқа Қытай, Моңғолия, Қырғызстан мемлекеттерінен сонымен қатар, Қазақстанның 15 облысы мен 4 қаласынан спортшылар қатысады деп жоспарланып отыр.

Атаулы халықаралық турнир биыл 6 рет ұйымдастырылып отыр. Жарысқа әлем чемпионатының жеңімпазы Серікболсын Жалғасұлы, Азия чемпионатының жеңімпазы Арман Қошқаров сынды спортшылар қатысып, бақ сынайды.


Оқи отырыңыз: Қазақстанның ең үздік бүркітшілері анықталды.


Өтетін орны: "Алаш" тас жолы, Софиевка ауылы.