Астана әкімдігінің қаулы жобасына сәйкес, бас қалада қоғамдық көлікпен жүру ақысы 110 теңге болатыны белгілі болды. Ал жолаушы қолма-қол ақшамен төлейтін болса, ол 220 теңге төлейді. 

Сондай-ақ, жолақы өзге де тасымал түрлері үшін өзгереді. Айталық жедел, яғни экспресс қоғамдық көліктермен жол жүру ақысы 250 теңге болып белгіленсе, қолма-қол төлем жағдайында бұл қызмет құны 350 теңге болады. 

Ал қала маңына қатынайтын қоғамдық көліктермен жүру үшін төлемақы "бір шақырым үшін 9 теңге 50 тиын" тарифімен есептеледі. Бұл электрондық жол жүру құжаты немесе электрондық төлемнің қосымша қызметтері арқылы қолма-қол ақшасыз төлеу кезіндегі баға. Ал қолма-қол төлем үшін тариф "бір шақырым үшін 14 теңге" болып бекітіледі. 

Еске салайық, қазіргі таңда Астанада жолақы құны – 90 теңге. Қала әкімі Жеңіс Қасымбек бұған дейін Астанада 2024 жылы жолақы бағасы артуы мүмкін екенін айтқан болатын


Оқи отырыңыз: Астанада жаңа электронды төлем жүйесі бар автобустар іске қосылды


Жобаны жария талқылау мерзімі – 5 наурызға дейін. Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.