Астана қаласында қатты желге байланысты 12 наурыз күні бірінші ауысымдағы барлық мектеп оқушылары мен колледж студенттері қашықтан оқуға көшірілді, деп хабарлайды қалалық Білім басқармасы.

Білім басқармасының мәліметінше, қолайсыз ауа райына байланысты 0–11 (12) сынып оқушылары, сондай-ақ 9-сынып негізінде білім алып жатқан колледждердің 1–2 курс студенттері онлайн форматта білім алады.

"Ауа райының қолайсыздануына (желдің күшеюіне) байланысты 2026 жылғы 12 наурызда 0–11 (12) сынып оқушылары және колледждердің 1–2 курс студенттері (9 сынып негізінде) бірінші ауысымда қашықтан оқу форматына ауыстырылады", – делінген басқарма хабарламасында.