Астанада көптен күткен LRT ақыры жүре бастады
Астанада көптен күткен LRT ақыры жүре бастады. Әзірге жолаушы алмайды, жылдамдығы небәрі сағатына 10 шақырым, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Қаланың үстімен сырғып өтетін "пойыз" сынақ режимінде жүріп жатыр. Машинист жоқ, барлығы автоматтандырылған басқару жүйесі пойыздың қозғалысын, есікті ашып-жабуын, тіпті тоқтауын операторсыз атқарады. Қауіпсіздік, байланыс, төтенше жағдай – бәрі біртіндеп тексеріледі.
Қала әкімі уәде еткендей, алғашқы пойыз бір аптадан кейіy жолаушыларды Абу-Даби станциясынан Мәңгілік ел көпіріне дейін апарады. Алдағы 3 ай мен 6 ай аралығында тестілік режимде қатынайды. Қазан айында тағы сегізі, ал жыл соңына дейін барлығы 18 пойыз іске қосылады. Билет құны – 200 теңге көлемінде болады екен.
Осылайша, жүйе 2026 жылы толық іске қосылып, елорда тұрғындарын тасымалдайды.