Астанада ауа райының күрт суытуына байланысты мектеп оқушыларының сабағы онлайн форматқа ауыстырылды. Бұл туралы Астана қаласының әкімдігі хабарлады.

"12 желтоқсан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымның 0-11 сынып оқушылары, колледждерде 1-2 курс (9-сыныптан кейін түскен) студенттері қашықтан оқыту форматына ауыстырылады", – деп жазылған Білім басқармасы таратқан хабарламада.

"Қазгидромет" РМК синоптиктері алдағы үш күнде ауа температурасы -33 градусқа дейін түсетінін хабарлаған болатын.


Оқи отырыңыз: Ғылым министрі қандай жағдайда екі университетте қатар оқуға болатынын түсіндірді