Астанада ересектерге арналған тегін қазақ тілі курсына қабылдау басталды
Елорда тұрғындары қазақ тілін тегін үйрене алады.
Астана қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасына қарасты "Руханият" коммуналдық мемлекеттік мекемесі қала тұрғындарын ересектерге арналған тегін қазақ тілі курсына қатысуға шақырады. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
Қазақ тілін меңгеруге ниетті астаналықтардан өтініштер 2026 жылғы 8–23 қаңтар аралығында қабылданады. Ал сабақтар 2 ақпанда басталады.
Курс офлайн және онлайн форматта өткізіледі. Оқу ұзақтығы – 4 ай, сабақтар аптасына үш рет өтеді. Бағдарламаны толық меңгеріп, курсты аяқтаған қатысушыларға сертификат табысталады.
Курсқа тіркелу мекенжайы: Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 9-үй, 209-кабинет.
Байланыс телефондары:
- Жұмыс телефоны: +7 (7172) 24-90-52
- Ұялы телефон: +7 747 248 82 20