Астанада отбасылық жанжал адам өлімімен аяқталды. Бұл ақпаратты қалалық полиция департаменті растады.

Полицияның мәліметінше, оқиға көпқабатты тұрғын үйде болған. Алдын ала болжам бойынша, ерлі-зайыптылардың арасында жанжал туындап, соның барысында ер адам әйеліне пышақ жарақатын салған. Кейін өзі 25-қабаттан секіріп кеткен.

"Аталған факті бойынша адам өлтіру бабымен қылмыстық іс қозғалды. Ер адам ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілді", – деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.


Оқи отырыңыз: Алматыда жеңіл көлікпен соқтығысқан автобус ғимаратқа кіріп кетті


Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу амалдары басталды.

"Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, тергеуге қатысты өзге ақпарат жариялауға жатпайды", – деп нақтылады ведомство өкілдері.