Астана қаласы әкімдігінің мәліметінше, ауыл шаруашылыы жәрмеңкесі әр демалыс сайын Астананың сол жағалауындағы Сауран, 7 мекенжайында өтеді.

Кәсіпкерлер тауарлардың кең ассортиментін ұсынады, оның ішінде сүт, азық-түлік және ет өнімдері, көкөністер, жеміс-жидек, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының барлық түрлері – нан өнімдері, жарма, жұмыртқа, күнбағыс, май, қант және т.б. Жәрмеңке демалыс күндері сағат 10.00-ден 19.00-ге дейін өтеді.


Оқи отырыңыз: Орыстілді балабақшаларда қазақ тілін тереңдетіп оқыту бағдарламасы әзірленеді