Астанада ауыл әйелдерінің республикалық форумы болды
Форумда грант байқауының жеңімпаздары марапатталды.Астанада Ауыл әйелдерінің жетінші республикалық форумы өтіп, ол Қазақстанның өңірлерінен келген 200-ден астам ауыл әйелдері көшбасшылары, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерінің басын қосты. Іс-шара барысында ауылдық аймақтардың тұрақты дамуы, әйелдер мен ауыл кәсіпкерлігі мәселелері талқыланып, гранттық байқаудың жеңімпаздары марапатталды.
Форумда әйелдер кәсіпкерлігін дамыту, ауылдық жерлерде "жасыл" технологияларды енгізу және қаржылық қолдау мәселелері сияқты маңызды тақырыптар қарастырылды.
"Мемлекет, бизнес және қоғамдық ұйымдардың ынталы диалогының арқасында бүгінгі күні ауылдағы әйелдер бастамаларын қолдауға бағытталған көптеген перспективалық жобалар іске асырылуда. Бұл әлеуетті тиімді пайдалану маңызды. Осы жерде форумның оң рөлі ерекше. Форум барысында қалыптасқан идеялар мен бастамалар қатысушыларды жаңа шешімдермен байытып, ауылдағы бірлескен жұмыстардың түрлі бағыттарын нығайтуға септігін тигізетініне сенімдімін", – деді Қазақстан ауыл әйелдері форумының ұйымдастыру комитетінің төрағасы Майра Айсина.
Ауылдағы әйелдер бастамаларын қолдау құралдарының арасында Қазақстанда 12 жыл бойы жұмыс істеп келе жатқан және еліміздің әртүрлі өңірлерінен 110 мыңнан астам әйелдерге бизнес негіздерін тегін оқытқан "Өсу сатылары" атты әлеуметтік жоба ерекше аталады. Бұл жоба арқылы білім алған 7500-ден астам шағын бизнес құрылып, еліміздің барлық өңірлерінде 10 мыңнан астам жұмыс орны ашылды. Сонымен қатар, ауылдағы кәсіпкерлік бастамаларды қолдау мақсатында "жасыл" технологияларды қолдана отырып, жеке қосалқы шаруашылықтарды ұйымдастыруға арналған оқыту курстары ұсынылуда, ол Farmer School платформасы арқылы жүзеге асырылады.
"Жоба Қазақстан бойынша әйелдердің экономикалық әлеуетін дамытуға бағытталған, ал Ауыл әйелдері форумы – мәселелер мен мүмкіндіктерді талқылайтын маңызды алаң", – деп атап өтті "Әлеуметтік динамика" қоғамдық қорының директоры Елена Ожго.
Олардың бірі – жастарды өнімді еңбекке тарту. Осы мақсатта биыл алғаш рет жастар үшін жаңа білім беру бағдарламасы ұсынылды, сондай-ақ жас жеңімпаздарға конкурс аясында бастауыш қаржылық қолдау ретінде 10 грант бөлінді.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда ауыл әйелдерінің 11 пайызы ғана кәсіп бастауға дайын – зерттеу
Жоба ең үздік бизнес-идея бойынша бірдей аталған байқаудың жеңімпаздарына қаржылық қолдау көрсетеді. 2012 жылдан бері 150 әйел өз ісін ашу үшін грант алған. Биыл жобаға 30 грант қарастырылған, ал өткен жылдары бұл көрсеткіш 20 болған. Форумда алғашқы 14 грант табысталды, қалған 16 грант екінші кезеңнің жеңімпаздарына, байқау қаңтар айында аяқталған соң беріледі.
Форум мен жобаның ұйымдастырушылары – "Жасыл экономикана қолдау және G-Global-ды дамыту Коалиция" заңды тұлғалар бірлестігі және "Әлеуметтік Динамика" қоғамдық қоры, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық әйелдер мен отбасылық-демографиялық саясат комиссиясының қолдауымен жүзеге асырылуда. Форумға және "Өсу сатылары" жобасына қаржылық қолдауды The Coca-Cola Foundation қайырымдылық қоры көрсетеді.