"Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында мамандандырылған батальон полицейлері Subaru көлігінің жүргізушісін тоқтатты. Бұл туралы Polisia.kz жазды.

"Қорғау" автоматтандырылған жүйесі арқылы оның борышкер екені белгілі болған.  Subaru иесінің атқарушылық іс жүргізу бойынша берешек 40 миллион теңгеге жуық қарызы болған.

"Бұған қоса, көлік жүргізу кезінде қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін аталған жүргізушіге әкімшілік айыппұл салынған. Жүргізушіге ескерту жасалып, көлік қоғамдық көлік тұрағына қойылды", – деп жазылған хабарламада.

Жол қауіпсіздігін нығайту мақсатында 5-29 ақпан аралығында қалада "Қауіпсіз жол" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. Осы шара аясында 262 көлік коммуналдық тұраққа қойылып, 231 мемлекеттік нөмір тәркіленді.


Оқи отырыңыз: Таразда тосын ұрлық: айыптұрақтағы екі автобус жоғалып кетті