Астанада №15 және 15А бағытындағы автобустар саны артады
№15, 15А маршруттарда автобустар саны 2 бірлікке (19-дан 21-ге дейін) ұлғайтылады.Қызмет көрсету сапасын жақсарту аясында Астанада №15 және 15А маршруттарында автобустар саны артады. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігі хабарлады.
№15, 15А маршруттарда автобустар саны 2 бірлікке (19-дан 21-ге дейін) ұлғайтылады.
"Сондай-ақ, 1 ақпаннан бастап №15а маршрутының қозғалыс сызбасы "Қалалық фтизиопульмонология орталығы" және "Қалалық инфекциялық орталық" аялдамаларына дейін ұзартылады", – деп жазылған хабарламада.
Оқи отырыңыз: Алматыдағы №92 бағытта жаңа автобустар жолға шықты
Елорданың қоғамдық көлігіне қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша жұмыстар жалғасатын болады. Биыл жаңа автобустар сатып алынып, 5 жаңа бағыт іске қосылады.