Астанада 1 мамырдан бастап субұрқақтар іске қосылады
Қазір субұрқақтарды іске қосу үшін дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр.Елорданың субұрқақтары 1 мамырдан бастап іске қосылады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Қазір Астанада субұрқақтарды іске қосу үшін дайындық жұмыстары жүріп жатыр.
"Байқоңыр ауданында – 2, Сарыарқа ауданында – 10, Алматы ауданында 10 субұрқақ бар. Сондай-ақ, Есіл және Нұра аудандары 27 субұрқақ кешені бар. Қазір аудандық әкімдіктер фонтан кешендерін қалпына келтіру және жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр", – делінген хабарламада.