"Астана-Зеленстрой" ЖШС-нің бұрынғы бас директоры қамауға алынды, деп хабарлады Сыблайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі.

Компанияның бұрынғы басшысы қылмыстық істі тоқтату үшін құқық қорғау органдарының лауазымды адамдарына 15 миллион теңге сомасында пара беруге итермелеуге оқталғаны үшін айыпталып отыр.

"Бұдан бөлек, көпжылдық бұталарды отырғызу бойынша орындалған жұмыстардың құнын арттыру жолымен өзінің лауазымдық өкілеттерін теріс пайдаланғаны үшін күдікке ілінді. Ол ағаштарға Астананың жергілікті атқарушы органдары тапсырыс берген", – делінген хабарламада.

Айта кетейік, Айбар Наурызәлі 2022 жылы "Астана-Зеленстрой" компаниясының басшысы болып тұрғанда парамен ұсталған. Былтыр соттың шешімімен ол 9 миллион теңге алғаны үшін 185 миллион теңгенің айыппұлын төлеуге міндеттелді.