Борышкер мемлекет алдындағы міндеттемеден жалтару мақсатында жеке сот орындаушының көмегімен жер телімін заңсыз иеліктен шығарған. Бұл туралы Астана қаласының прокуратурасы хабарлады.

Прокурордың талап-арызы бойынша жер учаскесін сатып алу-сату шарты сотпен жарамсыз деп танылып, 60 млн теңге көлемінде мемлекет мүддесі қорғалды.

Прокурорлық қадағалау актісімен сот орындаушының мүлікке қатысты шектеулерді шешу және мүлікті беру туралы қаулыларының күші жойылып, ол жауапкершілікке тартылды.


Оқи отырыңыз: Каспий туризмін дамыту үшін берілген 21 жер телімін кәсіпкерлер сатып жіберген