Астанадағы "Әзірет Сұлтан" мешітінде орналасқан шаштараз орталығы мүгедектігі бар жандарға тегін қызмет көрсетеді. Бұл туралы muftyat.kz сайты хабарлады.

Фото: muftyat.kz

"Әр айдың бірінші күні ерекше жандарға тегін қызмет етеміз. Айына бір рет ұйымдастырамыз. "Кең болсаң, кем болмайсың" дегендей, жақсылық жасау арқылы жұмыс та берекелі болады" – деді шаштараз Нұржанат Данияр.

6 жылдан бері қызмет атқарып келе жатқан шаштараз орталығы тұтынушылар арасында жүлделер де ұйымдастырады. Мәселен, осыдан бірнеше жыл бұрын келушілер арасынан кездейсоқ әдіспен таңдау арқылы бір адамды кіші қажылыққа жіберген.