Республика өңірлерінің жергілікті атқарушы органы жүргізген аудит нәтижесінде велоинфрақұрылыммен жақсы жабдықталған өңірлер белгілі болды. Түркістан облысы елді мекендерінде веложолақтардың жалпы ұзындығы 105 шақырымды құраса, Астанада 80,4 км, Алматыда 70 км, Атырау облысында 24,2 км веложолақ бар. Бұл туралы Үкімет басшысының бірінші орынбасары Роман Склярдың Мәжіліс депутаттарының сауалына жауабынан белгілі болды.

"Ақтөбе (52 км), Атырау (34,7 км) Павлодар (40 км) облыстары мен Алматы қаласында (30,9 км) велоинфрақұрылым салу үшін жобалық-сметалық құжаттарды әзірлеу мәселесі пысықталып жатыр. Ал Алматы қаласында 30,9 шақырым веложолақ салу жобасының сметалық құжаттары биыл жыл соңына дейін дайын болады", – делінген Роман Склярдың жауабында.


Оқи отырыңыз: Ақтөбеде 1,3 млрд теңге бөлінген веложол құрылысы тоқтап қалды


Сондай-ақ, жауапта электр самокаттарға арналған тұрақтарды ұйымдастыру бойынша да айтылған. Атап айтқанда, 2022 жылы кикшеринг компанияларының есебінен электр самокаттарына арналған 700 тұрақ әзірленген.

Алматы қалалық мобильділік басқармасының мәліметінше, қалада электр самокатын қолданатындардың орташа жасы – 16 мен 25 жас аралығы.