Астана маңында жеңіл моторлы ұшақ апатқа ұшырады. Ұшақ апатына байланысты тергеу басталды, деп хабарлайды көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Астана станциясындағы желілік полиция басқармасы TL-2000 маркалы жеке жеңіл әуе кемесінің апатқа ұшырауы фактісі бойынша ҚК 344-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру бастады, — делінген хабарламада.

Апат салдарынан екі адам, ұшқыш пен жолаушы қаза болды. Апаттың себептері анықталып жатыр. Өзге ақпарат қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.