Астана қаласы әкімдігінің мәліметінше, қалалық Полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Астана-Қарағанды тас жолында, сондай-ақ Р.Қошқарбаев пен Тәуелсіздік даңғылдарының қиылысында жол төсеміне жөндеу жүргізілуде.

"Жөндеу жұмысына байланысты осы жылдың 28 қыркүйегінен 3 қазанына дейін Қобда аллеясынан Армандастар көшесіне дейінгі Астана-Қарағанды тас жолының учаскесінде көлік қозғалысы ішінара жабылатын болады", – деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар, жолдың орташа жөнделуіне байланысты 30 қыркүйектен 1 қазанға дейін Р.Қошқарбаев – Тәуелсіздік даңғылдарының қиылысында көлік қозғалысы ішінара жабылады.


Оқи отырыңыз: Астанадағы Сығанақ көшесінің оң жақ бөлігі 30 қарашаға дейін жабылады.