Астана қаласы ТЖД азаматтарға үндеу жасады
ТЖД жүргізушілерді уақытында техникалық байқаудан өтуге шақырды.Астана қаласы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Еркін Отарғалымұлы қала тұрғындарына көлік өртінің алдын алу жолдары туралы айтып, жүргізушілерді уақытында техникалық байқаудан өтуге шақырды. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
Көліктегі өрттердің негізгі бөлігі шетелдік өндірістегі автомобильдерде болады, ұзақ қызмет ету мерзімі де, бәсекелестік ортада техникалық тексерудің сапасыз жүргізілуі де әсер етеді.
"Өздеріңіз білетіндей, қазіргі уақытта мемлекет тарапынан техникалық тексеруден өту тәртібін қатаңдату бойынша шаралар қабылданып жатыр, осыған байланысты автокөлік иелерін электр сымдары мен отын беру жүйесінің техникалық жай-күйін қадағалауға, ақауларды жою бойынша уақытылы шаралар қабылдауға шақырамыз", – деді Еркін Отарғалымұлы.
Ол қосымша жабдықты орнатуға және оған қызмет көрсетуді тек мамандандырылған орталықтарда жүргізуге кеңес берді, онда сапа кепілдігі тек сөзбен ғана емес, сақтандыру жағдайы басталған кезде де беріледі. Сондай-ақ, көлік құралын өрт сөндіргішпен жабдықтау маңызды.
ТЖД қозғалтқыштарды ашық отпен жылытуға (оттар, алаулар, дәнекерлеу шамдары, газ оттықтары) жарықтандыру үшін ашық от көздерін пайдалануға тыйым салынатынын еске саламыз.
"Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары, өрт ылғи да қайғы, қиындық әкеледі. Бір сөзбен айтқанда, стресс. Сондықтан өмірде бұл қиындық сізге, үйіңізге әсер етпеуі үшін әрекет ету керек. Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаңыздар!" – деп қорытындылады ТЖД басқарма бастығы.