Астана әкімі Алтай Көлгінов сайлауда дауыс берді
Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтіп жатыр.Елорда әкімі Алтай Көлгінов таңғы сағат 07.30-да Қазақ ұлттық университетіндегі №329 учаскеде дауыс берді.
"Таңертең өз учаскеме барып дауыс бердім. Қалада 400-ден астам сайлау учаскесі ашылған. Бүгін сайлау учаскесінде жұмыс істеп жатқан барша азаматқа алғысымды айтамын", – деді қала әкімі.
Әзірге президенттікке үміткерлердің төртеуі сайлауда өз таңдауын жасады: Жигули Дайрабаев, Нұрлан Әуесбаев, Қарақат Әбден және Қасым-Жомарт Тоқаев.