АШМ "Шайн мускат" жүзіміне қатысты мәлімдеме жасады
Карантиндік фитосанитарлық зерттеу кезінде жүзімде зиянкестер табылмаған.Ауыл шаруашылығы министрлігі АӨК-тегі мемлекеттік инспекция комитетінің Республикалық өсімдіктер карантині орталығының қызметкерлері карантиндік фитосанитариялық бақылау кезінде жүзім үлгілеріне зертханалық сараптама жүргізді, деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.
Карантиндік фитосанитарлық қорытындыға сәйкес, жүзімде карантиндік зиянкестер табылған жоқ.
"Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің "Ұлттық сараптама орталығы" РМК-ның Абай ауданы бойынша филиалы (Қытай Халық Республикасымен шекарада) "Shine Muscat" нитратының құрамы бойынша зерттеу жүргізілді, оның қорытындысы бойынша өнімдегі нитрат мөлшері 13,7 мг/кг құрады, бұл осы өнім үшін рұқсат етілген көрсеткіш", – делінген министрліктің хабарламасында.
Оқи отырыңыз: Глава Минсельхоза поручит проверить безопасность ввозимого в Казахстан корейского винограда