Ashyq жобасымен жұмыс істейтін кәсіпкерлік субъектілердің тізімі жаңарды, деп хабарлады Алматының Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті.

Мутацияланған вирус штамының таралуына байланысты жалпы республикада эпидемиологиялық ахуал нашарлады. Осы орайда Ashyq жобасы арқылы жұмыс істеуге рұқсат берілген кәсіпкерліктердің тізімі жаңартылды. Бұл тізіммен Алматы қаласы әкімдігінің сайтында танысуға болады. 

Covid-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мәліметінше, 2021 жылғы 28 маусымдағы жағдай бойынша, 1 686 адамда коронавирус індеті ПТР тест арқылы расталғанын мәлімдеді. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны — 419 800 адам. Сонымен қатар, соңғы тәулікте Қазақстанда 1 181 адам коронавирустан жазылып шықты.

Елімізде 2021 жылғы 28 маусымдағы мәлімет бойынша, вакцинаның I компонентін – 3 165 155, II компонентін 1 905 062 адам салдырды.


Оқи отырыңыз: Екпе алмаған қызмет көрсету саласы мен ірі ұжым қызметкерлеріне жұмысқа кіруге шектеу енгізіледі