Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ауыл шаруашылығы министрлігі балық шаруашылығы комитетінің төрағасына және басқа да тұлғаларға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бұл туралы Астанада өткен брифингте агенттіктің ресми өкілі Данияр Биғайдаров мәлімдеді.

Шенеунік 2021 жылдан 2024 жылдың ақпанына дейінгі аралықта шағын және орта бизнес өкілдерінен жүйелі түрде пара алды деген күдікке ілінді.

«Ол электронды білезік кигізу арқылы үйқамаққа алынды», – деп хабарлады жерқорлыққа қарсы қызмет.


Оқи отырыңыз: Қазақстанның шығысында қар жауады


Сотталушы өз кінәсін толық мойындап, тергеу жүргізуге жәрдемдеседі. Қазіргі уақытта басқа адамдардың қатысы бар-жоғы тексерілуде.