Армения премьер-министрі Никол Пашинян France 24 телеарнасына берген сұхбатындаресми Ереванның Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүшелігін уақытша тоқтатқанын хабарлады.

"Біздің ойымызша, Арменияға қатысты ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт орындалған жоқ. Әсіресе, 2021-2022 жылдары... Бұл мәселе біздің назарымыздан тыс қалған жоқ. Соған орай, біз осы шартқа қатысуымызды тоқтаттық", – деді Никол Пашинян.

"Армениядағы Ресей әскери базасының жабылуы мүмкін бе?" деген сұраққа Никол Пашинян "Қазіргі уақытта бұл бойынша ешқандай мәселе жоқ" деп мәлімдеді.


Оқи отырыңыз: ҚР СІМ: Қазақстан мен Армения ҰҚШҰ-дан шығу туралы келіссөз жүргізіп жатқан жоқ


Еске салайық, Никол Пашинян 2023 жылы енді ресми Мәскеуге қауіпсіздік кепілі ретінде сене алмайтынын мәлімдеген болатын.