Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Мұндай аудандар тізімі төмендегідей:

  • Қапшағай – Талдықорған жолына жеңілдікті келесі аудандарда тіркелгендер алады: Қапшағай, Кербұлақ, Көксу, Ескелді, Талдықорған;
  • Тараз – Қайнар: Қордай, Шу, Меркі, Тұрар Рысқұлов, Байзақ аудандарында тіркелгендер;
  • Шымкент – Тараз: Сайрам, Түлкібас, Жуалы, Жамбыл аудандары;
  • Шымкент – Қызылорда:  Кентау, Сауран, Ордабасы, Бәйдібек, Сайрам, Жаңақорған, Шиелі аудандары;
  • Шымкент – Ташкент: Төле би, Қазығұрт, Сарыағаш;
  • Щучинск – Көкшетау: Бурабай, Зеренді, Щучинск;
  • Нұр-Сұлтан – Павлодар: Ерейментау ауданы, Екібастұз бен Ақсу қалалары.

Оқи отырыңыз: Индустрия министрі: Әлі жөнделмеген жолдар үшін ақы талап етілмейді


23 қарашадан бастап республикалық маңызы бар жеті жол ақылы болды. Ақы республикалық маңызы бар, төрт жолақты келесі жолдар үшін алынады: Нұр-Сұлтан – Павлодар, Қапшағай – Талдықорған, Тараз – Қайнар, Шымкент – Тараз, Шымкент – Қызылорда, Шымкент – Ташкент, Щучинск – Көкшетау.