Ақылы тұрақтардан түскен табыстың 25 пайызы әкімдікке тиесілі болады
Айыппұлдардың барлығы қала бюджетіне келіп түседі."Астана тұрақ кеңістігі" ЖШС табысының 25 пайызын қалалық бюджетке бағыттайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ақпарат агенттігі.
"Орта есеппен табыстың 25 пайызына дейін ұлғайту жоспарланып отыр. Бұл ретте айыппұлдардың барлық сомасы қала бюджетіне түсетінін атап өтеміз", – деді әкімдіктегілер.
Құзырлы орган дерегінше, мемлекет жекеменшік әріптестігінің шарты жасалған сәттен бастап, яғни, 2018 жылғы қарашадан 2022 жылғы желтоқсанға дейін тараптар арасындағы табысты бөлу мемлекеттік әріптеске – 5%, жеке серіктеске – 95% мөлшерінде белгіленген.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда конструктор-автокөліктерді заңдастыруға рұқсат берілді
Бұған дейін қала әкімі Жеңіс Қасымбек БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында "Астана тұрақ кеңістігі" ЖШС-мен арадағы әлеуметтік-жеке меншік әріптестік келісімшарт қайта қаралатынын айтқан болатын.