Ақтөбеде карусельде өрт болды. Неге әкімдіктер аттракциондарды тексере алмай отыр?
Биыл жергілікті әкімдіктерге аттракциондарды тексеру құзіреті берілді.Қазақстанда биыл ойын-сауық орталықтары мен саябақтардағы аттракциондарда оқыс жағдайлар жиіледі. Мысалы, күні кеше Ақтаудағы парктердің бірінде жарық сөніп, аттракциондағы балаларды баспалдақтың көмегімен жерге түсіріп алған. Ал Ақтөбеде карусельден от шығып, дер кезінде тоқтатылды. Биыл әкімдіктегілерге аттракциондарды тексеру құзыреті берілсе де, оның нақты ережелері бекітілмепті, деп хабарлайды 31 арнаның "Информбюро" ақпараттық бағдарламасы.
Оқыс жағдайлар әсіресе демалыс басталғанда жиілейді. Десе де, ересектер мен жасы кішілер қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы көп ойланбайды.
Қазір аттракциондардың бәрі жеке кәсіпкерлердің қолында. Сондықтан олардың қызметі мен қауіпсіздігін ешкім бақылап жатқан жоқ. Тіпті, апатты жағдайда балаларды әткеншектен аман түсіріп алатын мамандардың бар-жоғы да белгісіз. Ал әкімдіктегілер ойын-сауық орталықтары мен саябақтарда жұмыс 3степ тұрған аттракциондарды тексеру қызметі өз құзыретіне тек биыл берілгенін айтып отыр. Оның өзінде нақты нормативтік құжаттары бекітілмегендіктен, тексерісті бірден бастап кете алмайтынын айтады.
Оқи отырыңыз: Қожа, Алиса, Джульетта. Әлемдегі әдебиет кейіпкерлеріне қойылған ескерткіштер
"Аттракциондарды қарау бойынша комиссия құрылды. Комиссия құрамында мемлекеттік органдар, құзырлы органдар, сонымен қатар, қоғамдық кеңес мүшелері, депутаттар бар. Бүгінгі таңда біз мониторинг жүргізіп жатырмыз", – деді Ақтөбе қаласы Астана ауданы әкімінің орынбасары Жақсат Төлегенов.
Ал мамандар балалар мен ата-аналар аттракциондарға мінбес бұрын қауіпсіздік ережелерінің талаптарын білуі және сақтауы керек дейді. Сөздерінше, ата-аналар белгілі бір аттракционға билеттерді сатып алар алдында арнайы тақтайшаларға ілінген ережелерімен танысып алулары қажет.