Ақтөбе облысындағы Темір қаласының әкімі үйінде өлі табылды
46 жастағы әкімнің денесі үйінен табылған.
Ақтөбе облысындағы Темір қаласының әкімі Еркін Далмағамбетовтің денесі табылды. Өңірдің полиция департаменті суицид туралы ақпаратты растады.
Алдын ала мәлімет бойынша, ол өз-өзіне қол жұмсаған.
"Өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша полиция сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын бастады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", – деп хабарлады Ақтөбе облысының полиция департаменті.