Ақтөбе облысында шалғын көбелектерін улау мақсатында жедел штаб құрылды
Өңірде 35 мың гектар жер өңделсе, Ақтөбе қаласының өзінде 27 гектар жер дәріленген.Ақтөбе облысында зиянкес құрттарды улау жұмысы басталды. Жауыннан кейін толып кеткен жұлдыз құрттарды зерттеу мен улау үшін облыс әкімшілігінде жедел штаб құрылған, деп хабарлады 31-арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Штабқа облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы, Ауыл шаруашылығы министрлігінің аймақтық инспекциясы және әдістемелік орталықтың мамандары кірген. Облыс аумағында 35 мың гектар жерге шалғын көбелектерге қарсы өңдеу жұмыстары жүргізілсе, қала бойынша 27 гектар жер дәріленген.
Оқи отырыңыз:
- Шөп талғамайтын шалғын көбелегі Ақтөбе облысының шаруаларына зор шығын әкеліп отыр
- Шалғын көбелегінен зардап шеккен Ақтөбе облысының аудандарында зерттеу жұмыстары басталды
Бұдан бөлек, тұрғындарға улау әдісі де үйретіліп жатыр. Мамандар алдағы 3-5 күн аралығында ауа температурсы жоғары болып, жаңбыр жаумаса шөп талғамай кеміретін құрттар азаюы мүмкін екенін мәлімдеді.
"Екі бағытта жұмыс істеп жатырмыз. Бірінші бағыт бойынша тұрғын алқаптарының айналасын үлкен газогенераторлармен улаймыз, ал жеке тұрғын үйлерден арыз түссе, оларды арқаға ілетін шағын түрлерімен улаймыз", – деді Ақтөбе қалалық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы Мұрат Тоқболатов.
Материалдың толық нұсқасын төмендегі видеодан көріңіз: