Ақтөбе облыстық полиция департаментінің қызметкері велосипед айдаған ерлі-зайыптыны көлігімен қағып өлтірді. Күдікті қазір тергеу изоляторына қамалды, деп мәлімдеді Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов. 

Осы оқиғадан кейін жеті тәртіп сақшысы қызметінен қуылған. 

ПД өкілі Ерболат Сарқұлов аталған дерек бойынша соталды тергеу жұмыстарының жүріп жатқанын хабарлады. 


Оқи отырыңыз: Алматыда заңсыз жұмыс істеген төрт онлайн казино мен бір ойын залы жабылды


Еске салсақ, 23 шілдеде Ақтөбе қаласы Ақжар-1 ауылы маңында жүргізуші көлігімен 25 және 26 жастағы ерлі-зайыптыны қағып өлтірді. Марқұмдардың екі баласы бар.