Ақтауда қоқыс жәшігінен ММА спортшысының мәйіті табылды
Облыстық полиция департаменті мүрде 20 қыркүйекте табылғанын айтты.Ақтауда қоқыс контейнерлері арасынан түрлі турнирлерге қатысқан ММА спортшысының мәйіті табылды. Полиция департаменті ақпаратты растады.
Алдын ала мәлімет бойынша, ер адамның мүрдесі 3-шағын ауданда қоқыс контейнерлерінің бірінен табылған. Марқұмның денесі әбден ісініп, қарайып кеткен.
"Оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптама тағайындалды. Тергеу жалғасып жатыр. Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды", – делінген хабарламада.