Ақтауда оқушы қызды бір топ жасөспірім тепкінің астына алған
Ақтау қаласындағы ірі ойын-сауық орталығының бірінде бір топ жасөспірім бойжеткенге шабуыл жасап, оны соққыға жықты, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Куәгерлердің айтуынша, қыз фотокабинада отырған кезде топ оған кіріп, перделерді тартып, суретке түсуге кедергі жасаған. Тараптар арасында сөзге келмей, оқушы жерге құлап, бір жасөспірім оның басына аяусыз тепкені видеодан көрінеді.
Жәбірленуші жеңіл жарақат алғанымен, дәрігерлер бақылауында. Полиция бұзақылық жасаған жасөспірімдерді есепке қойып, олардың ата-аналарына айыппұл салды.
Ақтау қаласы білім бөлімінің маманы Руслан Байтұрған оқиғаны алдын алу шаралары аясында 30 қаңтар күні мектептерде ата-аналар мен тәрбие ісі жөніндегі директорлардың қатысуымен ата-аналар кеңесі өткізілетінін хабарлады.
"Біз кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бақылауды күшейтеміз", – деді ол.