Ақтау қаласының 76 жастағы тұрғыны Валентин Байдаков кезектен тыс президент сайлауында дауыс беруге қазақтың ұлттық киімі – шапанмен келді. 

Ол №18 сайлау учаскесінде дауыс берді.

Айта кетейік, Ақтауда тұрғындар дауысын беру үшін 83 сайлау учаскесі жұмыс жасап тұр.