"Ақталмаған үміт үшін кешірім сұраймын". Рыбакина Қазақстан халқына үндеу жасады
Елена Рыбакина қазақ елінен кешірім сұрады.Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Париждегі Олимпиадаға неліктен қатыса алмағанын түсіндіру үшін Қазақстан халқына үндеу жазды.
"Құрметті қазақстандықтар, жанкүйерлер, сіздердің алдарыңызға шығып, мән-жайды түсіндірудің сәті енді түсті. Париж Олимпиадасына Қазақстан құрамасының атынан қатыса алмағаным үшін көңілім қатты құлазыды. Мен құрамамен бірге дайындалдым. Бірақ дәл ойынның алдында ауырып қалдым, қызуым көтеріліп, тыныс алу қиындық тудырды. Сондықтан дәрігерлер кортқа шығуға тыйым салды. Барлық қазақстандық жанкүйерден ақталмаған үміт үшін кешірім сұрағым келеді. Өз командаммен бірге көп еңбек еттім, медаль әкелгім келді", – дейді Рыбакина.
Спортшының айтуынша, Токио Олимпиадасында жеңіске бір табан жақын қалған, Олимпиада медалі ол үшін маңызды.
"Жақында кортқа шығам деп үміттенемін. Өз отандастырма алғыс айтқым келеді. Әлемнің қай түкпірінде өнер көрсетсем де, жанкүйерлердің ыстық ықыласы мен қолдауын сеземін", – дейді Елена Рыбакина.
Еске салайық, Теннистен әйелдер ұлттық құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина 25 шілдеде 2024 жылғы Олимпиадаға қатысудан бас тарту туралы мәлімдеме жасады.