2023 жылы мұнай экспорты артады. Бұл туралы Энергетика министрі Болат Ақшолақов үкімет кулуарында айтты.

Болат Ақшолақовтың айтуынша, биыл Қазақстанда мұнай өндіру көлемі төмендеген. Министр бұған апаттық жағдайлар себеп болғанын айтады. 

"Биыл, өкінішке қарай, апаттық жағдайлар орын алды. Соның себебінен өндірісті 84 млн тоннаға жетізсек те шүкір дейміз", – деді министр.


Оқи отырыңыз: Болат Ақшолақов: Өз жұмысыма "үш" деген баға беремін


Ведомство басшысының айтуынша, биыл мұнай экспортының көлемі жоспардағыдан аз болған. Десе де, министр келесі жылы мұнай өндірісінің көлемі артатынын айтты.

"Қашағанда болған жағдайды білесіздер. Жоспарлы жөндеу жұмыстары болды. Келесі жылы бәрін толығымен жасайды. Сонда 90 млн тоннандан астам мұнай өндіргелі отырмыз. Экспорт та артады. Шамамен 71-72,5 млн тонна мұнайды экспорттауға болады", – деді Болат Ақшолақов.


Оқи отырыңыз: Президент Атырауда мұнай қоймасын салуды тапсырды