1 қазанға дейін жылжымайтын мүлік салығын өтеп үлгермеген тұрғындардың шот ашып, ақша аударуға, несие рәсімдеуге мүмкіндігі болмайды, деп хабарлайды 31 арнаны Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Төлемді кешіктірген әр күні үшін өсімпұл жүреді. Мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметінше, 55 мың алматылық 735 миллион теңгенің салығын төлемеген. Бұл құны 3 миллиард теңгеден асатын 642 мыңнан астам мүлік деген сөз. Оның ішінде тұрғын үй, пәтер, саяжай және гараждар бар.


Оқи отырыңыз: Сенімхатпен сатылған көліктің салығын кім төлейді? Көлік салығына қатысты 8 маңызды сұраққа жауап.


Өткен жылмен салыстырғанда салық салу объектілерінің саны да, бағасы да артып отыр. Әсіресе, жаңа нысандар Бостандық ауданында тіркелген. Ал төленбеген салықтың негізгі сомасы Медеу ауданының тұрғындарына тиесілі екен. Борыш – 315 миллион теңгені.