"Ақша аударып, билетсіз қалуыңыз мүмкін". ІІМ концерт билеттеріне қатысты алаяқтық туралы ескертті
Қазақстандықтарға жалған билеттерден сақ болу ұсынылды.
Қазақстан Ішкі істер министрлігі азаматтарды концерттер мен бұқаралық іс-шараларға билеттер сатып алу кезінде сақ болуға шақырды.
Polisia.kz мәліметінше, интернетте билеттерді сату немесе қайта сату бойынша күмәнді ұсыныстар көбейген. Алаяқтар билеттерді "тиімді бағамен" алып беруді ұсынып немесе оларды қымбатқа сатып, тіпті жалған билеттер таратуы мүмкін.
Мұндай жағдайларда азаматтар ақша аударып, бірақ іс-шараға кіре алмай қалу қаупі жоғары.
ІІМ баспасөз хатшысы Шұғыла Тұрлыбектің мәліметінше, билеттерді тек ресми және тексерілген көздерден сатып алуға кеңес берді.
Сонымен қатар министрлік бейтаныс адамдарға алдын ала ақша аудармауға шақырып отыр.