АҚШ президенті Дональд Трамп шетелдіктерге арналған жұмыс визасын қымбаттатты
АҚШ президенті Дональд Трамп шетелдіктерге арналған жұмыс визасын қымбаттатты, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Бұрын H-1B визасын рәсімдеу үшін бір жарым мың доллар төленсе, енді оның бағасы 100 мың доллар болды. Бұл виза арқылы Америкаға шетелден білікті мамандар шақыртылатын.
Енді компаниялар шетелдік қызметкер үшін осынша қаржы төлей ме, әлде өз азаматтарын жұмысқа ала ма – соны шешуі керек. Reuters агенттігінің хабарлауынша, Трамптың бұл шешімі Үндістан мен АҚШ арасындағы қарым-қатынасқа кері әсер етуі мүмкін.
Себебі өткен жылы H-1B визасының 71 пайызы үндістандықтарға берілген. Ал ірі америкалық компаниялар Amazon мен Microsoft қызметкерлеріне уақытша елден шықпауға кеңес берді.