Қазақстанда елдің ақпараттық қауіпсіздігі саласына жауап беретін орган өзгереді. Бұған дейін бұл салаға Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің Ақпараттық және есептеу технологиялары институты жауапты болып келсе, енді бұл міндет Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Цифрлық үкіметі қолдау орталығына жүктеледі. 

Бұл туралы Ашық НҚА порталындағы құжат жобасынан белгілі болды. 

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің түсіндіруінше, бүгінде министрліктің алдында ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, оның ішінде байланыс желілеріндегі қауіпсіздікті күшейту, қорғалған мобильді желіні құру бойынша бірқатар міндеттер тұр.

"Технология өмірдің көптеген аспектілерінде барған сайын маңызды рөл атқаратын қазіргі қоғамдағы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріндегі талаптардың өзгеруі мен қатаңдатылуын ескере отырып, институттың функцияларын "Цифрлық үкіметті қолдау орталығына беру қажет деп санаймыз. Институттың мәртебесі мен функцияларын беру тиімді өзара іс-қимыл мен үйлестіруді, жұмыстың нәтижелілігін арттыруды, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздікті дамыту мәселелеріндегі тәсілдердің дәйектілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін қосымша атап өтеміз", – делінген Цифрлық даму министрлігінің түсіндірме жазбасында. 


Оқи отырыңыз: Ақпараттық қауіпсіздікті қалай қорғаймыз