Ақмола облысы бойынша монополияға қарсы департамент қызметкерлері жүргізген талдау кезінде екі ірі жеткізушінің қант бағасын шектен тыс көтергені анықталды, деп хабарлайды бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің баспасөз қызметі. 

"Екі ірі көтерме сауда сатушысының бағаны белгілеу және ұстап тұруға қарсы заңнаманы бұзғаны анықталды", – делінген хабарламада. 

Аталған жеткізушілерге қант бағасын белгіленген деңгейге дейін төмендету қажеттігі туралы хабарлама жолданды.


Оқи отырыңыз: