Ақмола облысында автокөлік пен пойыз соқтығысып, үш адам қаза болды, деп хабарлайды облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Тағы үш адам түрлі жарақатпен Степногорск қаласындағы ауруханаға жеткізілді.

"1 қарашаға қараған түні Степногорск–Заводской жолында "Audi B4" автокөлігі мен үш бос цистернасы бар локомотив соқтығысқан. Автокөлік жүргізушісі сол жерде жан тапсырған, екі жолаушы ауруханаға жеткізілгеннен кейін қайтыс болды", – делінген хабарламада.

Аталған оқиғаға қатысты тергеу жүргізіліп жатыр.