Қазақстан мен Бахрейн арасындағы тікелей рейстер апта сайынғы болады, деп хабарлайды Көлік министрлігінің баспасөз қызметі.

5 маусымнан бастап Fly Arystan әуе компаниясы Алматы-Манама бағыты бойынша маусымдық рейстерді орындай бастайды. 

"Ұшулар аптасына бір рет орындалады. Бахрейнге әуе қатынасының ашылуы екі ел арасындағы туризм, мәдени және сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді, деп есептейді ведомстводағылар", – делінген хабарламада.