Аптап ыстық, жел, жаңбыр: елімізде демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Республика бойынша жел күшейеді деп күтіледі."Қазгидромет" РМК синоптиктері Қазақстанда 10, 11 және 12 тамызда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады.
Синоптиктердің мәліметінше, 10-12 тамыз аралығында еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақыз болады: жаңбыр жайып, найзағай түсіп, екпінді жел соғуы, бұршақ жаууы мүмкін. 10 және 12 тамызда еліміздің солтүстік-батысында, 10 тамызда орталықта, 10-11 тамызда шығыста, 11 тамызда елдің оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады деп болжануда. Республика бойынша жел күшейеді деп күтіледі.
"Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасының біртіндеп төмендеуі мүмкін: күндіз еліміздің батысында +20+30, солтүстік-батыста +15+28, солтүстікте +15+25, шығыста Ал орталықта +17+28 градусқа дейін ыстық болады, күндіз еліміздің оңтүстік-шығысында қатты ыстық +35+38, Қазақстанның оңтүстігінде +30+37 градус болады", – делінген хабарламада.