29 шілдеде Қазақстанның басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, деп хабарлайды "Қазгидромет".

Астанада көшпелі бұлт шығады, өткінші жаңбыр, бұршақ жауады, найзағай ойнап, дауыл соғады. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғады, екпіні 15-20, кей жерлерде 23 м/с. Ауа температурасы түнде +13...+15, күндіз +22...+24.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, қысқа мерзімді жаңбыр жауады, күндіз найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан 3-8 м/с жел соғады, кей жерлерде 18 м/с. Ауа температурасы түнде +19...+21, күндіз +31...+33.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +20...+22, күндіз +34...+36.

Түркістанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +21...+23, күндіз +35...+37.

Қызылордада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Күндіз шаңды дауыл соғады. Батыстан түнде 5-10, күндіз 9-14 м/с жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +15...+17, күндіз +29...+31.

Таразда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +17...+19, күндіз +33...+35.

Қарағандыда көшпелі бұлт шығады, өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан, батыстан 9-14, кей жерлерде 15-18 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +16...+18, күндіз +25...+27.

Жезқазғанда көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауады, күндіз найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан, батыстан 9-14, кей жерлерде 15-20 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +14...+16, күндіз +22...+24.

Өскеменде көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ жауады. Солтүстік-батыстан 5-10 м/с жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +17...+19, күндіз +31...+33.

Семейде көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауады, найзағай ойнап, бұршақ жауады. Солтүстік-батыстан 5-10 м/с жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +18...+20, күндіз +31...+33.

Павлодарда күн бұлтты, жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Күндіз бұршақ жауып, дауыл соғады. Оңтүстік-шығыстан 9-14, екпіні 15-20 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +18...+20, күндіз +30...+32.

Петропавлда көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-шығыстан 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +14...+16, күндіз +24...+26.

Көкшетауда көшпелі бұлт шығады, өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ жауады, дауыл соғады. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан 9-14, екпіні 15-20 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +13...+15, күндіз +21...+23.

Қостанайда күн бұлтты, жаңбыр жауады, күн күркірейді. Солтүстік-шығыстан 7-12 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +12...+14, күндіз +22...+24.

Оралда көшпелі бұлт шығады, күндіз аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ жауады. Солтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +15...+17, күндіз +28...+30.

Атырауда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан түнде 1-6, күндіз 7-12 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +18...+20, күндіз +31...+33.

Ақтауда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік, солтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +20...+22, күндіз +30...+32.

Ақтөбеде көшпелі бұлт шығады, түнде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +13...+15, күндіз +23...+25.

Талдықорғанда көшпелі бұлт шығады, түнде қысқа мерзімді жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Батыстан 5-10 м/с жел соғады, екпіні 14 м/с. Ауа температурасы түнде +16...+18, күндіз +32...+34.

Қонаевта көшпелі бұлт шығады, түнде қысқа мерзімді жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан, батыстан 9-14 м/с жел соғады, екпіні 18-23 м/с. Ауа температурасы түнде +20...+22, күндіз +32...+34.