Apple Fest фестивалі: Алматы облысының фермерлері 150 тонна алма әкеледі
Фестивальде барлығы алманың 13 түрі болады.Алматы әкімдігінің мәліметінше, қала күнін мерекелеуге Талғар, Қарасай, Еңбекшіқазақ және Ұйғыр аудандарының шамамен 45 бау-бақша серіктестігі қатысады.
Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы Тұңғыш Президент Паркінде 16-17 қыркүйекте өтетін Apple Fest фестиваліне 150 тонна алма жеткізуге Алматы облысы шаруашылық қожалықтарының қатысуын ұйымдастырып отыр.
Қала күнін мерекелеуге Талғар, Қарасай, Еңбекшіқазақ және Ұйғыр аудандарының шамамен 45 бау-бақша серіктестігі қатысады. Фестивальде барлығы алманың 13 түрі, атап айтқанда, Лимонка, Американка, Золотой превосход, Апорт, Кандиль, Грушовка, Айнур, Салтанат, Мельба, Рашида, Пеструшка, Гала және Рахат секілді түрлері ұсынылады.
Оқи отырыңыз: Apple Fest, мейрамханалар жәрмеңкесі, музыкалық фестиваль: Алматыда Қала күніне орай қандай іс-шаралар өтеді?
Apple Fest қалалық фестивалі – дәстүрлі мереке және ол «Қала күнін» мерекелеу шеңберінде 2015 жылдан бастап өткізіліп келеді.